Жалпы ақпарат

Колледждің әдістемелік қызметінің мақсаты – Колледжде бәсекелестікке лайықты оқытудың жаңа инновациялық технологиясын пайдаланып, жеке тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуына біртұтас жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру, білім сапасын көтеру.

Қазіргі уақытта педагогикалық ұжым бірыңғай әдістемелік тақырыппен жұмыс істеуде , Жаңа педагогикалық және ақпараттық технологиялардың интеграциясы арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру.

Әдістемелік қызметтің міндеттері:

  1. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында жұмыстану;
  2. Инженер педагогтардың кәсіби құзыреттігін дамыту арқылы барлық бағытта жұмыс мазмұнын жетілдіру;
  3. Инженер педагогтердің   біліктілігін     арттыру    жүйесінің    дамуын ақпараттық – әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету;
  4. Педагогтердің білімін жетілдіруде оқу үдерісіне жаңашыл технологиялар мен оқытудың жаңа түрлерін енгізу;
  5. Шығармашылық семинарлар, тәжірибе алмасу, шығармашылық топтар жұмысы арқылы әдістемелік бірлестік жұмысының формасын арттыру;
  6. Педагогпен пен студенттің инновациялық және зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастыру;
  7. Жас мамандар мен тәлімгерлік мектебінің жұмысын жандандыру;