«Тігін аксессуарларының тарихы» тақырыбында студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті

Article Image

2021 жылдың 17 ақпанында Орал «Сервис» технологиялық колледжінде «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу» мамандығы бойынша өткізілген апталық аясында «Тігін аксессуарларының тарихы» тақырыбында студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияның мақсаты – киім тігу саласында білім алмасу, оқу үдерісін жақсартуға үлес қосу, одан әрі жемісті жұмыс істеуге ынталандыру.

Барлық курстың студенттерімен «Инең болса-иінің бүтін», «Үтіктің тарихы», «Оймақтың шығу тарихы», «Сантиметрлік таспаның тарихы» «Қайшы құралының тарихы» тақырыптарында баяндамалар оқылды.