Қорытынды аттестаттау

2019-2020 оқу жылында «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығы, «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №137 бұйрығы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 19 мамырдағы №5-13-2/1837-И «Карантиндік шектеулер кезінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар» негізінде қорытынды және аралық аттестаттау Online TestPad бағдарламасында тестілеу және Zoom және WhatsApp бағдарламаларында практикалық емтихан түрінде өткізілді.

Қорытынды аттестаттау барысында оқу процесінің кестесіне сәйкес онлайн- консультациялардың кестесі, дипломдық жұмыстың алдын ала қорғау және қорғау, дипломдық жұмыстарды қорғау тәртібі, дипломдық жұмысты қорғауға білім алушыларды жіберу туралы бұйрық және дипломдық жұмыстардың бекітілген тақырыптары utks.kz колледж сайтында және Google Classroom порталында орналастырылды. Қорытынды аттестаттау кестесі алдын ала жасалып, бекітілді.

Онлайн режимінде дипломдық жұмыстарды қорғауды өткізу үшін қорытынды аттестаттау комиссиясы құрылып, бекітілді:

1211062 «Арнайы тігінші» біліктілігі бойынша: Комиссия төрағасы – Калыкова А.К., «Айна – халық» сұлулық салонының директоры

Комиссия төрағасының орынбасары – Лукашова И.Г., аға шебер; Комиссия мүшелері:

Филиппова Светлана Николаевна, «Кружево» ателье шебері
Сагмалиева Мейрамгуль Рахметуловна, ЖК«Сагмалиева» ателье директоры
Карабалина Гульфат, ЖК «Guff» ателье директоры
Бактыгалиева Нурсауле Жангалиевна, арнайы пән оқытушысы
Сағынғалиева Санжан Тулеугалиевна, арнайы пән оқытушысы Комиссия хатшысы:

ШП 31 (4) тобында -Тагибергенова Гульнар Раяновна, өндірістік оқыту шебері ТӨ 31 (1) тобында – Сираева Римма Диятиновна, өндірістік оқыту шебері

ТӨ 31 (4) тобында – Егорова Ольга Генадиевна, өндірістік оқыту шебері ШП 22 (27) тобында – Белова Галина Львовна, өндірістік оқыту шебері

ТӨ 22 (26 ) тобында – Брашева Гульмира Сериккалиевна, өндірістік оқыту шебері

0506012 «Шаштараз – модельер» біліктілігі бойынша:

Комиссия төрағасы -Темиргазиева А.Г., «Co-Co» сұлулық салонының директоры Комиссия төрағасының орынбасары: Жиналеева Д.С., басшының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары; Комиссия мүшелері:

Куспанов С., сұлулық салоны «Berenice»
Оспанова Б.Ж., сұлулық салоны «Raiana»
Құспан Ақұштап Құспанқызы, сұлулық салоны «Ақұштап Құспан»
Тималиева Мансия Абилхалыковна, арнайы пән оқытушысы
Қадыржан Ботагоз Қадыржанқызы, арнайы пән оқытушысы Комиссия хатшысы:

ШС 31 (6) тобында -У.И.Кенжалиева, өндірістік оқыту шебері ПД 31 (7) тобында -Галиева Карлыгаш Каленовна, өндірістік оқыту шебері

ШС 12 (34) тобында -Сағидолла Зарина, өндірістік оқыту шебері

1.1.0508012 «Аспаз» біліктілігі бойынша:

Комиссия төрағасы: Желтякова Любовь Николаевна –

«Галактика» мейрамханасының бас аспазшы;

Комиссия төрағасының орынбасары: Мамбетова Н.А., басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары;

Комиссия мүшелері:

Гаппарова Мадонна Жасулановна, «Ақжайық» мейрамханасы, бас аспазшы
Амангелдиева Асылзада Максимқызы, «Айзат» мейрамханасы, аспаз
Мәди Гүлжихан Мәлікқызы, «Жасмин» кафесі, аспаз көмекшісі
Савонина Лариса Владимировна, арнайы пән оқытушысы
Китарова Жанипа Қанатовна, арнайы пән оқытушысы Комиссия хатшысы:

ТҰ 31 (8) тобында -Курмангалиева Раушан Маратовна, өндірістік оқыту шебері

ОП 31 (10) тобында -Сергазиева Батима Жолдыгалиевна, өндірістік оқыту шебері

Қорытынды аттестаттау комиссиясының емтихан және дипломдық жұмысты қорғау рәсімдері мен тәртібін сақтау: білім алушынының міндетті түрде идентификациялаудан өтуі, емтихан және дипломдық жұмыстарды қорғау алдында веб- камерада жеке куәлікті көрсетуі, ауызша баяндама және қосымша сұрақтарға жауап беруді қоса алғанда, жалпы уақыт бір білім алушыға 15 минуттан аспады.

Емтихан және дипломдық жұмыстарды қорғауды өткізу

тәртібін жасақтау және білім алушыларға 20 жұмыс күн мерзімінде таныстырылып электрондық пошта арқылы жүзеге асырылды.

Дипломдық жұмыстарды қорғау басталғанға дейін 3-5 жұмыс күні бұрын вебинар өткізіліп, оның барысында емтихан өткізу/дипломдық жұмыстарды қорғаудың барлық рәсімдерін жан-жақты түсіндірілді.

Диплом жұмысты қорғауға білім алушы өз жұмысын «экранда демонстрациялау» режимінде электронды түрде көрсетуіне дайындық жұмысы ұйымдастырылды, емтихан және дипломдық жұмыстарды қорғау рәсімі барысының бейне жазбасы жүргізілді, билеттер «кездейсоқ сандар генераторы» бағдарламасында анықталып, техникалық хатшының «экранда демонстрациялау» режимінде білім алушыға билет номерін көрсетуі ұйымдастырылды.

Қорытынды емтихан / дипломдық жұмыс қорғау нәтижелері өңделгеннен кейін қорытынды аттестаттау қорытындысын өткізілген күні utks.kz колледж сайтында жарияланып отырды.