Конференциялар, семинарлар

2020 жылдың 12 желтоқсанында Орал «Сервис» технологиялық колледжінің базасында БҚО ББ Білім беруді дамыту орталығының «Үш ИИИ. Инновация. Интеллект. Интеграция» жобасы шеңберінде «Жаңартылған білім: қысқа мерзімді жоспарлау. Оқу жетістіктерін бағалау әдістері» атты оқыту семинары оздырылды.

Мақсаты: колледж және мектеп педагогтері арасында білім берудің жаңартылған мазмұны аясында тәжірибе алмасу, кәсіби қолдау.

Семинарды Орал «Сервис» технологиялық және Сервис және жаңа технологиялар колледждері ұйымдастырды.

Семинарда БҚО ББ ББДО техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы – Р.Т.Куаншалиева сөз алса, БҚО ББ ББДО әдіскері – Л.Р. Брекеева «Үш ИИИ. Инновация. Интеллект. Интеграция» жобасының мақсат, міндеттерімен таныстырып өтті.

Спикерлер ретінде Орал қаласының №5 жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімдері: Сейтимова А. У., Избасарова К. М. Сарсенгалиева У. Б., Мерхаева А. А. сөз сөйледі.

Семинарда мектеп мұғалімдері қысқа мерзімді жоспарларды қалай құру, сабақта қандай белсенді әдістерді қолдану, оқушыларды қалай бағалау, кері байланысты қалай жүргізу туралы айтып өз тәжірибелерімен бөлісті. «Ашық микрофон» кезінде колледж оқытушылары өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, жаңартылған білім беру мазмұнына қатысты толық жауаптар алды. Семинарға қатысушыларға екі колледж психологтары психологиялық тренингтер өткізді.