«Айналаны тазала» акциясы

ОСТК «Айналаны тазала» акциясы аясында сенбілік оздырылды. Сенбілік ардагерлер «колледжді абаттанырудан» басталды. Колледж ардагерлері Коблова В.Я., колледж түлектері Бишаев З.И колледжге өсімдік ағаштар сыйлады. Жатақхана тұрғындары мен колледждің биылғы түлектері колледж жанынан «Педагог» аллеясына ағаштар отырғызды.

«2021 жылдын көктем-жазындағы қазіргі заманғы сән үрдестері» тақырыбында сурет байқауы өтті

Сондай-ақ «2021 жылдын көктем-жазындағы қазіргі заманғы сән үрдестері» тақырыбында сурет байқауы өтті. Оның мақсаты: «Шығармашылық қабілеттерін дамыту, кәсіби ой-өрістерін кеңейту,қызығушылық пен таңдаған мамандығына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу».

«Тігін аксессуарларының тарихы» тақырыбында студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті

2021 жылдың 17 ақпанында Орал «Сервис» технологиялық колледжінде «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу» мамандығы бойынша өткізілген апталық аясында «Тігін аксессуарларының тарихы» тақырыбында студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияның мақсаты – киім тігу саласында білім алмасу, оқу үдерісін жақсартуға үлес қосу, одан әрі жемісті жұмыс істеуге ынталандыру.

Барлық курстың студенттерімен «Инең болса-иінің бүтін», «Үтіктің тарихы», «Оймақтың шығу тарихы», «Сантиметрлік таспаның тарихы» «Қайшы құралының тарихы» тақырыптарында баяндамалар оқылды.

«Патриотизм сабағы» атты апталық өтті.

08.02.-12.02.2021 ж аралығында Орал «Сервис» технологиялық колледжінде Ауған соғысы ардагерлеріне арналған «Патриотизм сабағы»атты апталық өтті.

08.02. Апталық шаралар ашылуы Ауған соғысы ардагерлеріне арналған Даңқ тақтасынан басталды. Колледж студенттері БҚО-нан аттанып, оралмаған жауынгерлердің ерліктерімен танысып, тәрбие сағаттарында фильмдерді талқылады.

09.02. І курс студенттерінің арасында «Алау» әскери-эстафеталық жарыстар өтті. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

10.02. Инстаграм парақшасында «Тікелей эфирден» колледж АӘД жетекшісі М.Е.Сатангалиевтің басқаруымен «Ауған соғысы тарихынан» атты шара ұйымдастырылды.

11.02. «Ауғанның от-жалыны» тақырыбында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына арналған кездесу кешіне М.Ж.Есбулатов- Қызыл жұлдыз ордені иегері, М.А. Нурканов -Орал қаласының Ауған соғысы ардагерлер одағының мүшесі, А.В.Боровский – БҚО Ауған соғысы ардагерлер одағының мүшесі қатысты. Кездесу І курстар арасында акт залда өтті және инстаграм парақшасында «Тікелей эфирде» барлық колледж студенттері қатысты.

12.02. Апталық қорытындысында шараларға белсенді қатысып, жеңімпаз атанған студенттер марапатталды.