«Өз стилінді тап»

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №13 кітапхана- филиалының ұйымдастыруымен Орал «Сервис» технологиялық колледжінде «Өз стилінді тап» креатив-кеші өткізілді. Мақсаты – мамандық құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру, кәсіби бағдар беру. Ж. Аймауытов «Мамандықтын жаманы жоқ, бірақ мұнын кез – келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудын ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» деген екен. Мамандық таңдау – бұл өте маңызды іс. Өйткені біз өзіміз таңдаған мамандық саласында өмір бойы қызмет атқарамыз. Мамандықтың саны әр алуан: дәрігер, мұғалім, ұшқыш, есепші, аспаз, емші, қаржыгер, архитектор, миханик, көлік жүргізуші, сазгер, сатушы, ғарышкер. Бірақ бұларды байланыстыратын маңызды факт – бұлар бәрі халық үшін қызмет атқарады. Ал халық үшін қызмет көрсету маңызды мәселе. Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдарын келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, немесе біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге – әйтеуір бір мамандық алу керек. Мамандық таңдау үшін, адам ең алдымен өзін өз бейімділігін тануы қажет..
Шарамызға өз тәжірибелерімен бөлісу мақсатында әртүрлі маман иелері қонақта болды:
«AYAKEN» – студиясының басшысы – Ережепова Гүлдана, «Дана» дәстүрлік ательесінің сәнгері – Бурбаева Венера,
Шаштараз өндірістік оқыту шебері – Өтегенов Оразай,
Аспаз өндірістік оқыту шебері – Гумирова Ақмарал Ержанқызы. Қонақтарымыз шара барысында өз мамандықтарына келуі, өмірлерінде атқарып отырған ролі туралы айта отырып, студенттерді болашақта жақсы маман болуға шақырды. Жанаева Сая «Астана», Васиханов Ернар «Туған жер», «Ұлы дала» әндерін тарту етті.
№8 және №5 топ студенттері шаштараздық және аспаздық бойынша игерген білімдерін көрсетіп, шеберлік сәтін өткізді.

 


Жарияланды: 08.11.201915:06

Автор: