World skills 2020 ОТКС колледж ішілік чемпионаты оздырылды

24 қантар 2020 жылы колледжіміздің 60-жылдығы қарсаныңда World skills 2020 ОТКС колледж ішілік чемпионаты оздырылды. Чемпионатқа тәуелсіз бас сарапшы ретінде “Нұрберген” шипажайының бас аспазы Мурадзада Хабил Шукурулла оглу, 2018 жылғы түлегіміз, қазіргі таңда АОО  “Capital Complex Catering” компаниясының аспазы Тойданова Мадина Мақсатқызы шақырылды. Сонымен қатар сарапшы ретінде колледжіміздің өндірістік оқыту-ісі жөніндегі орынбасары Жиналеева Дарига Салимовна, арнайы пәндер оқытушылары Савонина Лариса Владимировна, Китарова Жанипа Канатовна төрешілік етті. Чемпионатымыздың қорытындысы, яғни жеңімпаздар алдағы “Аспаз ісі” апталығының жабылу салтанатты кешінде жарияланады. Осы World skills 2020 ОТКС жеңімпазы облыстық World skills Kazakhstan Oral 2020 чемпионатына жолданады.
World skills 2020 ОТКС ұйымдастырушылары Кажмулдина Н.С., Гумирова А.Е


Жарияланды: 29.01.202007:35

Автор: