«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар»

Қазан айының 16.10. -20.10. аралығында Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласы аясында 0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша «Мамандығым – мақтанышым» апталығы оздырылды.

Мамандық бойынша білім алушылар  өз құзіреттіліктерін тағамды  пісіріп қана қоймай, тағамдар құндылығы,сапасы, өнімділігімен оның денсаулыққа пайдасы туралы да білімдерін кеңейтеді. Аспазшы жан-жақты қамтылған мамандық. Ол математика, тарих, география, психология,  медицинамен тығыз байланыста. Мамандықтың маңыздылығы адамды өзіне тартатын қызықты жәйттерімен қатар саусағынан бал тамған шеберлігінде. Аспаз ақылдылықты, сабырлықты, парасаттылықты, адамгершілікті, зеректікті ұштастыратыны туралы «Моя профессия-моя гордость» атты семинарға шақырылған колледж ардагерлері, түлектері баяндады. Колледж ардагері Каблова Валентина Яковлевна қазіргі кезде техникалық мамандықтарға Елбасы үлкен көңіл бөліп отырғаны туралы айтса, колледж түлегі Герасимович Андрей студенттерді тынбай оқуға, машықтануға шақырды.Семинарда қаланың «Галактика», «Перчини» ОСО жұмыстанып жатқан түлектер І-ІҮ курс студенттеріне өз жүрекжарды тілектерін жолдады.Семинардан студенттер үлкен әсер алды.

 

Колледж студенттерінің денсаулықтарын шыңықтыру,салауатты өмір салты қалыптастыру мақсатында 0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы оқытушылары ҚұрманғалиеваР.М., Абилова Л.А., А.Е Гумировалар І-ІІ курс студенттері арасында  «Көңілді старт» эстафеталық ойын ұйымдастырды. Эстафеталық ойынға  команда қатысты. Ойын түрлері бойынша І орынды- , ІІ орын- ,ІІІ- жеңіп алды.

Студенттердің ой-өрісі дамыту, ұжымдық жұмысқа дағдыландыр, пәнге қызығушылығын арттыру  бағытында арнайы пәндер оқытушысы Саханова Қ.Х. «XXI  ғасыр көшбасшысы»  интеллектуалдық ойын өткізді. Мақсаты:ойын сабағы арқылы оқушылардың  логикалық ойын дамыту, білімдерін жүйелеу. Ойынға әр топтан 5 студенттен қатысты: Болатова Айкөркем, Имангалиев Ринат, Сейткалиева Шара, Сағындықов Бектілеу, Абилкайрова Жаңылсын.Ойын 5 турдан құралды:1тур – Бәйге, 2тур – сұрақ – жауап, 3тур – шеберлердің сұрағы, 4 тур – өз өнерлерін көрсету,5 тур – блиц-бреинг.Ойын шарты бойынша әр турдан бір оқушы ойыннан шығып отырады. Ойын қорытындысында №15топ студенті Абилкайрова Жаңылсын жеңімпаз атанды.

«Үздік аспаз» байқауын ұйымдастырушылар оқыту –өндірістік шеберлері  Жаленова З.Р., Алимешева А.М., Гумирова А.Е., Н.С Кажмулдиналар студенттерге мамандыққа деген қызығушылық, ұйымдастырушылық, проблемаларды шешу құзыреттілігін дамытуды көздеді. Байқау айналымнан тұрды. І айналым , ІІ айналым , ІІІ айналым , ІҮ айналым. Байқау қорытындысында командасы жеңімпаз атанды.

Халыққа сапалы қызмет көрсетуге дағдыландыру, мамандығының қыр сырларын түсіну, тұтынушылармен сауатты жұмыстану, клиентке сапалы қызмет көрсетуді дұрыс ұйымдастыру жолдарын тандау мақсатында оқыту –өндірістік шеберлері Н.С.Кажмулдина мен А.Ж.Мукатаева «Мерекелік күндерге арналған үстелдерді сервировкалау және қызмет көрсету үлгілері» атты конференция дайындады. Конференция 2 кезеңнен құралды. І кезеңі теориялық – баяндамалық кезең: студенттер баяндамалар дайындады, қызмет көрсету үлгілерімен таныстырды. ІІ кезең сайыс – көрініс түрінде ұйымдастырылды. Қатысушылар «Жаңажылдық дастархан», «Туған күні дастарханы», «Үйлену тойы», «Махаббат күні» дастархан мәзірлері мен қызмет көрсету үлгілерін көрсетті. Сайысқа әкімгер, аспазшы, даяршылар қатысты. Мейрамханаға қонақ қабылдау, мәзірімен таныстыру, тапсырыс алу, даярлау, ұсыныс жасау бағыттары бойынша сайыскерлер А.Наметов №2 топ, №3 топ А.Ештенов, №4 топ А.Жумагалиев, №1топ И.Ниловтар өз жобаларын қорғады. Әділ қазылар алқасына колледж түлектері «Галактика» ОСО даяршысы Е.Абдрахманов, «Сары-Арқа» дәмханасы Мухамбетжанов Ғ, оқыту-өндірістік аға шебері И.Г.Лукашова, директордың ОӨЖ орынбасары Д.С.Жаналеева, директордың ОӘЖ орынбасары М.С.Нурмукашева  төрелік етті.

 

Конференция барысында ІҮ курс студенті  Абылхайыров Шыңғыс  бармен жұмысымен, коктейль түрлерімен  таныстырып, өнімін ұсынды. Колледж кітапханашысы Т.С.Айтмаганбетова  мамандық бойынша басылымнан шыққан жаңа оқулықтар әлеміне шолу жасады.

Апта барысында студенттер кондитерлік және кулинарлық  өнімдер жәрмеңкесін ұйымдастырды. Жәрменкеде студенттер өз қолдарымен дайындаған кулинарлық өнімдерін тұтынушыларға ұсынды.

Апталық қорытындысында шараларға белсенді қатысқан студенттер мадақтау қағазымен және құңды сыййлықтармен марапатталды. Шара әуенді әнмен, әсерлі бимен өрнектелді.

Елбасының «Болашаққа  бағдар:рухани жаңғыру» мақаласындағы  «Туған жер» бағдарламасы  аясында  «Ұлт тарихы- өлке тарихынан басталады» атты қоғамдық -гуманитарлық  пәндер апталығы ашылуы салтанатты түрде өтті. Шара барысында  колледж директоры Галиева Н.Х. студенттерді ғылым әлеміне саяхат жасап, білім нәрімен сусындап, ой-өрістерін дамытуға тілек білдірді.Жүргізушілер  апталыққа шолу жасады, студенттерді белсенді қатысуға шақырды.

Апталық аясында  «Дорога к знаниям» тақырыбында химия, биология, география пәндерінен  интеллектуалды ойын оздырылды. Мақсаты: студенттердің химия, биология, география пәндерінен  білімдерін бекіту, нығайту, пәндерге қызығушылықтарын ояту. Ойын 4 турдан құралып, 4 команда қатысты.шараға колледж түлектері, оқытушылар қатысты. Қорытындысында  №4 топ «Жұлдыздар» командасы жеңімпаз атанды.

Қазақ тілімен әдебиеті оқытушысы Л.К.Досалидің  ұйымдастырумен  Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы жолымен» тақырыбында ашық сабақ өтті. Барысында  студенттер романға шолу жасап, қоғамдағы әйел-ана, қыз ролі туралы баяндады.Әйел образына сипаттама беріп, қазақ халқының салт-дәстүрлерін хабарлады. Бейнесұрақтар арқылы алған білімдерін бекітті.

Тарих пәні оқытушысы  А.Е.Салекеев БҚО облыстық музейі қызметкерлерімен  «Тарихқа тұңған туған өлкем» атты облыстық өлкетану музейінде тарихи-танымдық кеш ұйымдастырды. Кеш қонағы музей ардагері, өлкетанушы С.Е.Танабаева студенттерге туған жеріміз Жайық өңірінің тарихы, қоғам қайраткерлері, Орал қаласының даму жолы, өлкеміздің кен байлықтары туралы әңгімеледі.Студенттерді Отанды сүйюге, елінің патриоты болуға, Ұлы даламыздың тарихын келесі ұрпаққа жеткізуге шақырды. Студенттер сұрақтарына тұщымды жауаптар алды. Кешке қатысушы  Қанатқалиұлы Т «Туған жерім» өз шығармасын оқыды, Қайыржанова Ж Д.Қажимовтың «Ақжайығым -ару мекенім»  әуенді әнімен кешті  өрнектеді.

Колледж оқытушыларынан құралған волейбол командасы облыстық инженерлік-технологиялық, медициналық, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық, А.Иманов атындағы жол-көлік колледждері және «Фаберлик» компаниясының командаларымен турнир өткізді. Нәтижесінде колледж командасы І орынды жеңіп алды.

«Қазақ жазуын латын каріпіне көшірудің өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық тілдер департаментінің қызметкері Қадырбаева С.Г. қатысуымен дөнгелек үстел оздырылды. Шараға колледж оқытушылары қатысты. Колледж директоры Галиева Н.Х. қатысушыларға  Елбасының 2025 жылдан бастан енгізілетін  латын қаріпі туралы бұйырығымен, дөнгелек үстелдің мақсатымен, қатысып отырған қонақпен  таныстырды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деген. Елбасының мақаласында көтерілген латын әліпбиіне көшу мәселесі өте өзекті әрі орынды болатын. Ал 26 қазан 2017 жылы латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиін  Елбасымыздың бекіткені белгілі.

Осы мақсатта еліміздің, өңіріміздің белгілі ғалымдары, қоғам қайраткерлері халықпен көптеген кездесулер өткізіп, латын әліп биіне көшудегі тиімді тұстары туралы жұмыстар жүргізуде. Осыған ора й біздің де колледжде көптеген шаралар қолға алынды. Біз оны бір ауыздан қолдаймыз. Кездесетін қиындықтарды бірге жеңеміз деп сөз алушылар директордың оқу ісі орынбасары  К.К.Джумалиева, қазақ тілі оқытушысы А.Т.Сұлтанов ұжымның тілегін білдірді. Облыстық тілдер департаментінің маманы Қадырбаева С.Г.өз сөзінде дайындық жолында кездесетін қиындықтарды бірге жеңуге шақырып, колледж ұжымына сенім білдірді.

География пәні оқытушысы А.Р.Сулейменова І-ІІ курс студенттерін «Государства-малютки» әлеміне саяхат – конференция өткізді. Мақсаты: әлемдегі кішкентай мемлекеттер туралы ақпарат беру, студенттердің география пәніне қызығушылықтарын ояту, ғылыми жұмыстармен айналысу дағдыларын қалыптастыру. Студенттер планетадағы кішкентай мемлекеттер туралы ақпарат дайындап, ұлттық киім үлгілерін, салт-дәстүрлерін, асханасы туралы  баяндады. Сонында  бейнесұрақтар арқылы ақпараттарын бекітті. Қатысқан студенттер мен оқытушылар үлкен әсер алды.

Тарих пәні оқытушысы Л.В.Наседкина «Казастан в составе мировой цивилизаций» тақырыбында М.Горький атындағы кітапхана қызметкерлері қатысуымен І-ІІ курс студенттері арасында ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды. Конференция мақсаты еліміздің даму кезеңдері, Елбасының салиқалы саясатының қоғамдағы орны, рухани құңдылықтарды сақтау жолдары туралы көзқарас қалыптастыру. Барысыында студенттер баяндамалар дайындап, еліміздің даму кезеңдерін, басқа елдермен қарым-қатынастарын бейнефильмдер, слайтар арқылы баяндады.Колледж кітапханашысы Т.С.Айтмаганбетова кітаптар көрмесін ұйымдастырды.

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде экономика пәні оқытушысы  К.А.Масалиеваның ұйымдастыруымен І курс студенттері арасында «Ұлттық теңге –ел намысы» тақырыбында танымдық шара ұйымдастырылды. Шара барысында студенттер ұлттық теңге тарихынан ақпарат алды, теңге үлгілерімен танысты. Көрініс, мақал-мәтелдер, өлеңдер арқылы ұлттық теңгеге, символдарға құрмет, сыйластық орнатылды.

Студентерді логикалық ойлау, тез шешім табу, ұжыммен жұмыстану дағдыларын қалыптастыру мақсатында  химия, биология, география пәндері оқытушылары А.Р.Сулейменова мен Л.В.Тасименованың ұйымдастыруымен  «Тапқыр болсаң, озып көр!» атты интеллектуалды шоу өткізілді. Студенттер химиялық зерттеулер жүргізді, глобус, карталармен жұмыстану арқылы сұрақтарға жауап берді, адамның ағзасына зиянды қосындылармен танысты. Өз ойларын слайдтар, баяндамалар арқылы жеткізді. Қатысушылар зор әсер алды.

Оқыту-өндірістік шебері Пудовкина И.П. №20а тобында «Обработка втачного отложного воротника» тақырыбында ашық сабақ дайындады.

Мақсаты студенттерді шеберлікке, бұйымды ұқыпты орындауға, ұжымдылыққа, мақсаттылықа тәрбиелеу.

 

«Ұлт тарихы- өлке тарихынан басталады» атты қоғамдық -гуманитарлық  пәндер апталығының салтанатты түрде жабылуы  өтті. Шара барысында  колледж директоры Галиева Н.Х. апталыққа белсенді қатысқан студенттерді  марапаттады. Болашақта  басқада шараларға белсенді қатысып, ғылыми жұмыстармен араласуға тілек білдірді.Кеш сазды әндермен, көңілді бимен өрнектелді.


Жарияланды: 17.05.201610:09

Автор: