Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру

Орал «Сервис» технологиялық колледжінде  2017 ж 25.09- 29.09 аралығында «Тіл-бабалар аманаты» тақырыбында тілдер   апталығы оздырылды.

Апталық «Мен өз Отанымның патриотымын!» тақырыбында   әдеби-сазды кештен басталып,  бірініші күні – І-ІІ курс студенттері арасында сауат ашу жұмыстарымен жалғасты. Студенттре арасында жүргізілген диктант, шығарма, мазмұндама, эссе жазу, ойтолғау жұмыстары бойынша әділқазылар оң пікір білдірді.

М.Горький атындағы Орал қалалық кітапхансының №13 және №6 филиалдарының ұйымдастыруымен коледж кітапханасында 22-қыркүйек ҚР-сы Тілдері күніне орай «Ана тілім- болашаққа бастаған дана тілім» тақырыбында эрудит –шоу өткізілді.Шараның негізгі мақсаты- жас ұрпақ бойында Отанға, туған тілге деген  құрметтерін нығайту және өз білімділіктері мен шығармашылық қабілеттіліктерін ортаға салуға мүмкіндік беру болатын.

Эрудит-шоуда №2 және №3  Батыс Қазақстан технологиялық колледждерінің  студенттерінен құралған, аталған кітапхана филиалдары жанынан жұмыстанатын «Шамшырақ»  және «Жас қыран» әдеби клубтарының мүшелерінен тұратын «Сұңқар» және «Болашақ» топтары бақ сынады. Қатысушы топтар тек білімділіктерін ғана емес, алғырлықтары мен тапқырлықтарын танытуға тура келген эрудит-шоу: «Таныстыру», «Сөз-маржан», «Тұрақты сөз тіркестері», «Тапқыр топбасшы», «Ескірмеген есті сөз», «Бейнесұрақ», «Алғырлар алаңы» атты кезеңдерден тұрды.  Осы кезеңдер бойынша бақ сынасқан қос топтың білімділіктерін арнайы құрылған әділқазылар алқасы саралады.

«Таныстыру» кезеңінде қос топ төсбелгілері, ұрандарымен таныстырса, «Сөз маржан», «Тұрақты сөз тіркестері» кезеңдері қатысушылар қазақ тілі пәні бойынша ережелерге сай тапсырмалар  орындады. Білім мен  қоса жылдамдықты талап еткен «Тапқыр топбасшы» кезеңінде топ басшылар  қазақ әдебиеті мен тарихы, қазақ тілі  салалары бойынша викториналық сұрақтарға жауап беруден жарысқа түсті. Қолданыстан қалса да, халық ауыз әдебиетінде әлі де ғұрыпталып келе жатқан  көнерген сөздердің мағынасын табуға арналған «Ескірмеген есті сөз» кезеңінде қос топ белсенділік таныта білді. Жастардың қазақ поэзиясына қаншалықты жақын екендіктерін «Бейнесұрақ» кезеңінде байқадық. «Алғырлар алаңы» кезеңінде қатысушылар қойылған сұрақтың жауабын тауып,берілген әріптерден  сөз құрастырудан сайысқа түсті.

Шара барысында  колледж студенттері  «Қуаныш» биін биі, «инклюзивті топ студенттері  А.Кашпаева, Д.Бахитов, Т. Сатыбалдиев «Жан әке», «Сәлеметсізбе», «Жаяу», «Алматы мен Шымкент» әндерін ыммен орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Шара соңында әділқазылар алқасының шешімімен жеңімпаз топ анықталып,барлық қатысушылар  кітапхана атынан естелік сыйлықтармен марапатталды. Шараға орай жасақталған «Ұлттың ұлы қазынасы» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, көрмедегі кітаптар таныстырылды.

Ағылшын тілі оқытушысы А.Қ.Ақдаулетованың ұйымдастыруымен колледж студенттері маусым-қыркүйек айлары аралығында Елордасы Астана қаласында өткен халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі туралы «Travelling a rou and EXPO» тақырыбында дөңгелек үстелге қатысты. Дөнгелек үстелге студенттер әртүрлі елдің өкілдері ретінде қатысып, көрменің тарихы,елімізге маңыздылығы, алған әсерлерімен  бөлісті.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Л.К.Досали  ІІ-ІІІ курс студенттерінің  арасында тіл білгірлерін,әдеби шығармаға құштарлықтарын,мәдениетін анықтау мақсатында ЖШО жанындағы кітапхана қызметкерлері және колледж кітапханашысы Т.С.Айтмаганбетовамен тілдер күніне арналған колледжаралық «Эрудит шоу» байқауын ұйымдастырды. Байқауға «Білгірлер», «Тапқырлар», «Қырандар» топтары  қатысты. Байқау барысында айналымдар қорытындысы бойынша І орын –«Білгірлер» жеңіп алды.

 

Студенттердің шығармашылық, кәсіби құзыреттілктерін қалыптастыру,  белсенділіктерін арттыру мақсатында Э.Ж.Салекеева «Тілім барда айтылар сыр ойдағы» атты  мәнерлеп оқу сайысын өткізді.Сайысқа І-ІІІ курс студенттері қатысты.

«Полиглот» зияткерлік сайысының мақсаты студенттерді көптілділікке бағыттау арқылы ауызша сөйлеу және тілдік қабілеттерін арттыру. Ағылшын тілі пәні оқытушысы Н.А.Мамбетова байқау кезеңдерінде Елбасының үштілділікті қолдану саясатына үлкен көңіл бөлді.Байқауға қатысушылар үш тілді жетік меңгергендерін анық көрсетті.

 

Қазақ әдебиетінің ғұлама тұлғасы, ұлы ағартушы М.Әуезовтың 120 жылдық мерейтойына  арналған  «М.Әуезов – әлем мойындаған ұлы тұлға»  атты оқушылар конференциясында қазақ әдебиеті оқытушысы Л.К.Досали  М.Әуезовтың шығармашылығы арқылы әлем таныған ұлылығын дәріптеу, ана тілін ұлықтау, ұлы Абайды елге танытқан жазушыға тағзым ету, ұлтжандылыққа, мәдениетке, студенттерді өзіндік ізденіс жүмыстарына баулу, ой-өрісін, рухани жан дүниесін байыту,пікірін ашық білдіру, еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіруге, қазақ елінің мақтанышына айналған заңғар жазушыны құрметтеуге, елін сүюге, әдебиетті сүюге тәрбиелеуді көздеді. Конфереция барысында студенттер М.Әуезовтың өмір жолы,шығармашылығы туралы айтып, шағармаларынан үзінділер оқып, көрністер көрсетті. «Естеліктер сыр шертеді» атты шығармалар көрмесі ұйымдастырылды.

 

«Если душа родилась крылатой» атты орыс халқының ақыны М.Цветаеваның 125 ж арналған әдеби –сазды кеште студенттер ақынның өлендеріне жазылған романстар орындады. Орыс әдебиеті пәні оқытушысы Э.Ж.Салекеевамен бірге ақын өмір сүрген кезеңде орындалған вальс ырғаымен кешті өрнектеді.

Тілдер апталығы аясында БҚО БББ мектепке дейінгі,жалпы орта, ТжКББ ұйымдары облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ТжКББҰ студенттерінің өзге ұлт өкілдері  арасында «Тіл –татулық тірегі» атты облыстық тіл білгірдері байқауы өтті. Байқауға облыстық І-ІҮ курс колледж студенттері қатысты. Әділ-қазылар шешімімен І орын – Орал мұнай, газ және салалық технологиялар колледжі студенті  Галдин Сергей, ІІ орын – Орал «Сервис» технологиялық колледжі студенті Ахмедли Айсу мен БҚ жоғары медициналық колледжі студенті Пономарева Анна, ІІІ орын –мен БҚ АТиСО академиялық колледжі студенті  Петрова Маргарита мен Орал гуманитарлық-техникалық колледжінен Ташанова Екатерина, Зеленов колледжінен Айткулов Талғат марапатталды. Номинацияларда: экономика және жаңа технологиялар колледжінен Cинельников Геннадий – «Тіл жаршысы»,«Көркем сөз шебері» – Бирюкова Алена, гуманитарлық колледжі, «Ұшқыр ой иесі» – Семина Вера, Сервис және жаңа технологиялар колледжі,  «Тіл майталманы» – жаңа технологиялар колледжінен Сарафутдинов Владимир, «Тіл шеберлігі» – Кусько Иван,  Теректі колледжі студенттері аталды. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.



 

 


Жарияланды: 15.05.201609:53

Автор: