Келісім шарт

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметтерін көрсетудің

№__ шарты

 

Орал қ.                                                                                                      «02» қырқүйек 2019 жыл

 

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Білім басқармасының «Орал «Сервис» технологиялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры Искалиева Айгуль Бисенбаевна тұлғасында, 2013 жылғы 01 наурыздағы №13003158 мемлекеттік лицензиясы, Жарғы негізінде әрекет етуші, бұдан әрі «Білім беру ұйымы» деп  аталатын, бір жақтан және азамат (азаматша)
_________________________________________________________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда))

бұдан әрі қарай «Білім алушы» (немесе заңды өкіл) деп аталатын, екінші жақтан және (немесе)

_________________________________________________________________________________

(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда))

және (немесе) ____________________________________________________________________

(құрылтайшы құжаттарының реквизиттері)

негізінде әрекет етуші, бұдан әрі әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын, екінші жақтан төмендегілер туралы осы шартты жасасты.

  1. ШАРТТЫҢ МӘНІ

      1.1. Тапсырыс беруші немесе Білім алушы (немесе заңды өкіл) тапсырады, ал білім беру ұйымы  өзіне Қазақстан Республикасының білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына сай    ————————————————————————————————-

мамандығы бойынша білім алушыға мемлекеттік тапсырысқа  және білім беру оқу жоспарына сәйкес оқу үдерісін ұйымдастыруға, қорытынды аттестаттаудан өткен соң білім алу нысаны бойынша оған   тиісті біліктілік пен білімі туралы құжат  беруді   өз міндетіне алады.

  1. БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1. Білім беру ұйымы құқылы:

1)  білім алушыдан осы Шарт пен білім беру ұйымының ішкі тәртіп Ережесіне сәйкес алынған міндеттерді адал және тиісті дәрежеде орындауды, сонымен бірге оқу тәртібін сақтауды, білім беру ұйымының оқытушыларына, қызметкерлері мен білім алушыға әдептілікпен, құрметпен қарауды талап етуге;

2) оқу тәртібін, осы Шарт талаптарын, ішкі тәртіп Ережелерін бұзғаны үшін білім алушыларға ықпал ету шараларын қолдануға;

3) білім алушыдан білім алу ұйымының мүліктеріне ұқыпты қарауды, компьютерлік және басқа да техникалармен жұмыс істеу ережелерін қадағалауды талап етуге. Білім алушының әрекеттерінен материалдық залал келген жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында қарастырылған тәртіппен оны қалпына келтіруге кеткен шығындардың орнын толтыруды талап етуге;

4) оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтердегі жетістіктері үшін білім алушыны ынталандыруды және марапаттауды жүзеге асыруға;

5) келесі себептер бойынша Шартты біржақты бұзуға: оқу тәртібін бұзғаны, Шарттың міндеттерін орындамағаны үшін, басқа білім беру ұйымына ауыстырылған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылатын басқа да жағдайларда;

2.2. Білім беру ұйымы міндеттенеді:

1) білім алушыны қабылдау емтиханы нәтижесі мен әңгімелесу (немесе академиялық борыштарын өтеген жағдайда басқа білім беру ұйымынан ауыстыруғанда), кәсіптік рәндер бойынша конкурс) бойынша білім беру ұйымының білім алушылар қатарына қабылдауға;

2) осы Шартты жасау кезінде білім алушыны білім беру ұйымының Жарғысымен, білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензиясымен, білім беру ұйымының ішкі тәртібі Ережелерімен және басқа да білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілермен, сондай-ақ оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру жөніндегі негізгі құжаттармен таныстыруға;

3) білім алушыны Қазақстан Республикасының«Білім туралы» Заңының талаптарына сәйкес даярлауды қамтамасыз етуге;

4) білім алушының оқу жүктемесінің көлемін және сабақ кестесін қолданыстағы нормативтерге сәйкес үзілістермен анықтауға, білім алушының салауатты, қауіпсіз оқу жағдайын жасауға;

5) білім беру ұйымдары кітапханаларының  ақпараттық қорларына еркін қол жеткізуге, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарын пайдалануды қамтамасыз етуге;

6) білім алушыға оқу бағдарламалары шеңберінде тапсырмаларды орындау үшін білім беру ұйымының басшысы бекіткен жекелеген ережелермен қаралған тәртіпте және жағдайларда компьютерлік техниканы пайдалану мүмкіндігін беруге;

7) білім беру ұйымының оқу жоспарына сәйкес білім алушының кәсіптік практикадан өтуін ұйымдастыруға;

8) білім алушыны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерімен бекітілген тәртібіне сәйкес  шығаруға;

9) білім алушыны бір мамандықтан екінші мамандыққа немесе бір оқу нысанынан екіншісіне, сондай-ақ басқа білім беру ұйымына «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы №19 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10297 болып тіркелген) (бұдан әрі – Ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары) бекітілген тәртібі бойынша ауыстыруға және қайта қабылдағауға;

10) білім алушыны оның келісімінсіз және оқу үдерісіне зиян тигізетін қоғамдық және басқа да тапсырмаларды орындауға тартуға жол бермеуге;

11) білім алушыға білім беру ұйымының ғылыми, мәдени және спорттық іс-шараларына, сондай-ақ халықаралық ғылыми, мәдени және спорттық іс-шараларға ерікті түрде қатысуға мүмкіндік беруге;

12) толық оқу курсын ойдағыдай аяқтаған соң және қорытынды аттестаттаудан өту нәтижелері бойынша білім алушыға біліктілігін беріп, білім туралы құжат табыстауға;

13) оқу орны таратылған немесе білім беру қызметі тоқтатылған жағдайда білім алушыға басқа білім беру ұйымында білім алуды жалғастыру үшін білім алушыларды ауыстыру бойынша шаралар қабылдауға.

  1. Білім алушының құқықтары мен міндеттері:

3.1 Білім алушының құқықтары:

1) Бір оқу орнынан екінші оқу орнына, мемлекеттік тапсырыс бойынша бір мамандықтан екінші мамандыққа немесе бір оқу нысанынан екіншісіне қайта қабылдау мен ауыстыру «Ауыстыру мен қайта қабылдау Ережелері талаптарына сай, білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылуға құқылы;

2) қосымша ақыға мемлекеттік стандарттардан тыс қосымша білім беру қызметін алуға;

3) кітапханалар мен оқу залдары базаларында оқулық, оқу-әдістемелік әдебиеттер қорына еркін қол жеткізіп пайдалануға;

4) студенттік өзін-өзі басқару органдарына қатысуға;

5) жоғарыда аталған мүмкіндіктердің  осы шартқа қосымша келісіммен бекітілуі арқылы білім беру ұйымының шешімімен жеке оқу жоспары мен жеделдетілген бағдарламалар бойынша оқуға;

6) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен білім беру ұйымына ауысу және қайта қабылдануға.

3.2 Білім алушының міндеттенеді:

1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының толық көлеміндегі білімді, іскерліктерді және практикалық дағдыларды меңгеруге, оқу және практикалық сабақтарға қатысуға.

2) сабақтар жіберген жағдайда, білім беру ұйымында болмаған күннен бастап он күн ішінде жазбаша түрде білім беру ұйымына хабар беру, отбасылық жағдай мен байланыс ақпараттары (тұрғылықты мекен-жайдың, телефон нөмерінің, электрондық поштаның жәнет.б.) ауысуы жағдайында білім беру ұйымын хабардар етуге;

3) білім алушы амбулаториялық немесе стационарлық емделуде болған кезде растайтын құжаттарын көрсету арқылы білім беру ұйымын хабардар етуге;

4) білім беру ұйымы басшысының бұйрықтары мен өкімдерін, Жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін және осы шарт талаптарын сақтауға  және орындауға;

5) білім беру ұйымының мүліктеріне ұқыпты қарауға және оны тиімді пайдалануға, білім алу және жатақханада тұру үшін қалыпты жағдай жасауға қатысуға;

6) әскери есепке тұру ережелерін сақтауға;

7) білім беру ұйымының оқытушыларына, қызметкерлеріне және білім алушыларына әдепттілікпен, құрметпен қарауға;

8) Оқу орнында сабақ кезінде бекітілген киім формасын сақтауға

3.3  Тапсырыс берушінің  міндеті (тапсырыс болған жағдайда):

1) Оқу орнының ішкі тәртіп ережесін сақтау

3.4. Тапсырыс беруші құқылы (тапсырыс болған кезде):

1) білім алушыдан осы шартқа сәйкес міндеттерді адал және тиісті дәрежеде  орындауды талап етуге.

  1. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕРІ

4.1. Осы шартта көзделген өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиесілі дәрежеде орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген жауапкершіліктерді мойнына алады.

4.2. Себепсіз ұзақ мерзім сабақ қалдырған жағдайда техникалық және кәсіптік , орта білімнен кейін білім беру ұйымының білім алушысы кезекті сессияға жіберілмейді, сол курста екінші жылға қалдырылады

  1. ДАУЛАРДЫ ШЕШУДІҢ ТӘРТІБІ

5.1. Осы шартты орындау үрдерісіне туындаған келіспеушіліктер мен даулар, тікелей тараптардың өзара қолайлы шешімдерге келуі мақсатында шешіледі.
5.2. Тараптар арасында келіссөздер, өзара қолайлы шешімдер жасау жолымен шешілмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес шешіледі.

  1. ФОРС-МАЖОР

6.1. Су тасқыны, өрт, басқа табиғи апаттар, соғыс немесе соғыс қимылдары сияқты форс-мажорлық жағдай кезінде, сондай-ақ саналы шектерде Тараптардың бақылауынан тәуелді болмайтын және шартты жасаудан кейін пайда болған басқа кез-келген жағдай кезінде Тараптардың жауапкершілігі басталмайды. Алайда, егер форс-мажорлық жағдайға тап болған Тарап дәлелдер ұсынса және форс-мажордың басталу сәтінен бастап үш тәуліктен кешіктермей басқа Тарапты хабардар еткен кезде осы ереже күшке енеді.

6.2. Тараптардың бақылауына тәуелді болмайтын жағдайлар ретінде билік пен басқару органдарының тым болмаса бір Тарап жағынан осы шарттың міндеттемелерін орындауын мүмкіндік жасамайтын актілерді қабылдау болып табылады.

6.3. Тараптардың міндеттемелерді орындауы форс-мажорлық жағдайлар мен олардың зардаптарының әрекет ету мерзіміне және оның салдарына  ауыстырылады.

  1. ШАРТТЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ, ТАЛАПТАРЫН ӨЗГЕРТУ ЖӘНЕ ОНЫ БҰЗУ ТӘРТІБІ

7.1. Осы шарт оған тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және толық орындалғанға дейін әрекет етеді. Жаңа шарт жасау кезінде жаңа шарт жасау сәтінде белгіленген талаптар әрекет етеді.

7.2. Осы шарттың талаптары тараптардың өзара жазбаша келісімдері бойынша өзгеруі және толықтырылуы мүмкін.

7.3. Тараптар арасындағы шарттық қатынастардың тоқтау сәті білім беру ұйымы басшысының тиісті бұйрығын шығаруы болып табылады.

7.4. Осы шарт екі данада жасалады, ал Тапсырыс беруші қатысса үш данада мемлекеттік немесе орыс тілінде бірдей заң күшімен жасалады және бір данадан әрбір тарапқа беріледі.

  1. ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ МЕН БАНКТІК РЕКВИЗИТТЕРІ:
«Білім беру ұйымы»

БҚО Орал «Сервис» технологиялық колледжі МККК

Казахстан Республикасы, БҚО, Орал қ,

Циолковский к, 2б.

БСН: 930 240 000 119

БИК: SA BR KZ KA

ИИК: KZ 139 14022 203KZ0005D

Филиал ДБ АО «Сбербанк»

Тел\факс. 8 (7112) 23-41-71, 23-45-07.

 

Директор  _____________ А.Б.Искалиева

(лауазымы, аты-жөні және уәкілеті )

______________________________________

(қолы және күні)

«Білім алушы»

 

 

(азаматтың аты-жөні, жеке куәлік нөмірі)

 

 

( ӘЖК-нің нөмірі, ЖСН, мекен-жай, тұратын жері)

 

 

_______________________________________

(қолы және күні)

«Ата-ана, асыраушы»

 

 

(азаматтың аты-жөні, жеке куәлік нөмірі)

 

 

( ӘЖК-нің нөмірі, ЖСН, мекен-жай, тұратын жері)

 

 

_______________________________________

(қолы және күні)

 

 

Всего комментариев: 0