«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»

Қараша айында  Елбасының «Болашаққа  бағдар:рухани жаңғыру» мақаласында табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәс­түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі деген.

Осы ойды жалғастыра  отырып, 0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының  оқыту-өндірістік шебері Кажмулдина Н.С.№15 топта «Ұлттық кондитерлік өнімдерді дайындау» тақырыбында  ашық сабақ өткізді. Мақсаты: ұлттық кондитерлік өнімдермен, олардың технологияларымен, ұсыну ерекшеліктерімен таныстыру. Мамандыққа қызығушылық арттыру, тазалыққа, ұқыптылыққа, іскерлікке тәрбиелеу.

Желтоқсан айында 2017- 2018 оқу жылында  біліктілік  санатын  көтеруге арыз берген оқытушылардың  дайындағын  аттесттатттау комиссиясының кезекті отырысында  қаралды.

«Жас педагог» мектебінің  №3 отырысы  жүргізілді. Қаралған мәселелер:

  1. Оқу-әдістемелік әдебиет жаңалықтарына шолу жүргізу, 2. Сабаққа қатысу жұмыстарын талдау. Әдіскерлер қатысқан сабақтарға талдау жасады.

№9 топта информатика пәні оқытушысы М.А. Оразгалиеваның ұйымдастыруымен «Power Point бағдарламасы бойынша практикалық жұмыс» тақырыбында ашық сабақ өтті.Мақсаты: студенттерді Power Point бағдарламасы бойынша практикалық жұмыстануға дағдыландыру.

 

БҚО ТжКББ ұйымдарының арасында  өткен “Рухани жаңғырту-болашақтың кепілі”фестивалінің гала-концертіне колледж әкімшілігі көрме, Ж.Досмухамедов атындағы педколледж студенттері  және  ОСТК оқытушыларынан құралған хор «Ағады Жайық», «Атамекен» әндерімен кешті өрнектеді

Колледж әдістемелік кеңесінің кезекті отырысында ПЦК бойынша әдістемелік портфолиосы көрмесін ұйымдастыру жұмыстары жоспарланды.

ҚР Тәуелсіздігінің 26 жылдық мерекесіне орай колледжде «Туған жерім-тұғырым» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Шараға колледж ардагерлері, оқытушылары,қызметкерлері  және студенттері  қатысты. Шара  барысында  колледж  директоры  Галиева Н.Х. келген ардагерлерге ризашылық білдірді. Колледж ұжымы мен студенттерге толағай табыс тілеп, 2016-2017 жылы үлкен  жетістіктерге  жеткен оқытушыларды марапаттады . Шара  тәуелсіздік жылдары еліміздің, колледжіміздің жетістіктерін көріністері, әуезді әндермен қорытындалды.

Колледж  оқытушылары Н.А.Мамбетова, Н.Д.Бурковская, Г.С.Брашевалар  ҚР Тәуелсіздік мерекесі қарсанында «Білім шыны – Ғылым сыры» журналының ұйымдастыруымен «Мәңгілік Елдің мәртебелі мұғалімі» жобасының арнайы медалімен марапатталды

0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының  050801 2 «Аспаз» біліктілігінің №16 топ студенттері «Будущее за профессионалами» тақырыбындағы  РФ, Н.И.Вавилов  ат. Саратов МАУ ұйымдастырған халықаралық олимпиадаға эссе, тест тапсырмаларын дайындады.

Әдістемелік кеңесінің жоспары бойынша өзін өзі тану оқытушысы Кабуова Ж.Н. «Со временем сверяя шаг» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты: студенттердің сезім, түсіну, адамгершілік, уақытты тиімді пайдалану ұғымдарынан  білімдерін бекіту, пәнге қызығушылықтарын ояту, сыйластық, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабаққа  директордың оқу ісі орынбасары К.К.Джумалиева, оқу-әдістемелік жұмысы орынбасары М.С.Нурмукашева, пән оқытушылары, оқыту өндірістік шеберлері қатысты.

Колледждегі  бизнес мектебінің отырысы оздырылды. Бизнес мектебі жетекшісі К.А.Масалиева ІҮ курс студенттерімен Елбасының «Болашаққа  бағдар:рухани жаңғыру» мақаласындағы  «Туған жер» бағдарламасы  аясында  түлектермен пікір алысты.

Әкімшілік кеңесте 2018  жылы өткізілетін әдістемелік семинар тақырыбы бекітілді. Жылдық басылым жүргізу туралы есеп берілді.

Аттесттаттау кеңесі отырысы оздырылды. Қаралған мәселелер: 1.Оқытушылардың портфолиосы, 2. БАҚ пен жұмыс, 3.2018 жылы өткізілетін ашық сабақтар кестесін бекіту.

Әдістемелік отырыста 2018 жылы өткізілетін әдістемелік семинар тақырыбына байланысты оқытушылар тобы, мастер класс  кестесі бекітілді.

0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы «Аспаз» біліктілігінің студенттері РФ, Вавилов ат. Саратов МАУ тамақтандыруды ұйымдастыру кафедрасының жоспарына сай   ЖОО студенттерінің арасындағы халықаралық «Будущее за профессионалами»  олимпиадасына  қатысып, алты студент: Маслова Диана Рашитовна, Сковородова Анжелика Анатольевна,  – І, Погребняк Виктор Николаевич, Маленок Ксения Петровна – ІІ , Алексеева Маргарита Алексеевна, Мелов Иван Сергеевич- ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды (оқыту өндірістік шеберлері Жаленова З.Р., Савонина Л.В.).

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын жүзеге асыру мақсатында ББҰ оытушыларының арасында өткен «Жылдың үздік ұстазы» атты республикалық байқауына қатысқаны үшін арнайы пән оқытушысы Мұратова Г.Е. ІІ дәрежелі дипломымен және «Жылдың үздік ұстазы» төсбелгісімен марапатталды.

 

ТжКББҰ студенттері арасындағы «Біздің таңдауымыз – жемқорлықсыз болашақ» атты сырттай байқауының ээсе номинациясында колледж студенттері Немченко В – І дәрежелі диплом,(оқытушысы Ақдаулетова А.Қ), Бектауова Е.- ІІ дәрежелі дипломмен(оқытушылары Лукашова И.Г., Егорова О.Г.) марапатталды.

 

Жалпы орта, қосымша,ТжКББҰ білім алушылары арасында өткізілген «Егер мен Президент болсам…..» республикалық интернет байқауында колледж студенттері Дүйсенгалиева А –ІІІ дәрежелі дипломымен (оқытушысы Салекеев А.Е.), Мезинова А –сертификатымен (оқытушысы Кунашев Н.М.) марапатталды.

 

Еліміздің тәуелсіздік мерекесі қарсанында  тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін колледж қоғамдық пәндер оқытушысы   Масалиева Қ.А  және оқыту өндірістік шебері Ермолаева Н.Н. ҚР БжҒМ  құрмет грамотасымен марапатталды.

 

Оқытушылар  мен  студенттердің  2017-2018 оқу жылындағы І жартыжылдық жетістіктері


Жарияланды: 05.02.201807:32

Автор: