«Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі қызметтер» бағдарламасына өтінім берушілер арасында іріктеу жүргізілетіндігі туралы

«Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі қызметтер» бағдарламасына өтінім берушілер арасында іріктеу жүргізілетіндігі туралы хабарлайды.
Инновациялық жобаларды іріктеу АӨК мына салалық бағыттары бойынша іске асырылады:

 

1) өсімдік шаруашылығы (оның ішінде өсімдіктерді қорғау және карантин);
2) мал шаруашылығы және ветеринария;
3) ауыл шаруашылығын механикаландыру;
4) ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу.

 

Өтініш беру мерзімі: осы хабарлама ресми жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні.
Байланыс телефондары: 8(7112) 51-06-47.
Мекен жайы: Орал қаласы, Қасым Аманжолов көшесі, 75, 207-бөлме.


Жарияланды: 03.05.201512:31

Автор: