Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар

БҚО әкімдігі білім басқармасының
«Орал «Сервис» технологиялық колледжі» МКҚК басшысының 2018 жылғы « 06 » маусым № 50 бұйрығымен бекітілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының «Орал «Сервис» технологиялық колледжі » Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
1. Қоғамдық қатынастар саласының атауы: бастауыш, орта кәсіптік техникалық және орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды дайындау және қайта даярлауды қамтамасыз ету болып табылады.

2. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының «Орал «Сервис» технологиялық колледжі » Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі – колледж) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын әзірлеушінің атауы.

3. Қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласында жұмыс істейтін тұлғалардың мінез-құлқы (іс-әрекеті) ережелері.

3.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартта қозғалатын саладағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру кезінде:
1) заңдылық қағидаттарын, Конституция, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтау;
2) мүдделер қақтығысы туындауының кез келген ықтимал жағдайларына жол бермеу жөнінде шаралар алу;
3) жеке және заңды тұлғалардың өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруына кедергі келтіретін әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеу;
4) өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерін жеке мүліктік және мүліктік емес игіліктер алу үшін пайдаланбау;
5) жоғары кәсіби жұмыс үшін барлық күш-жігерін салу, қойылған міндеттерді шешу үшін оңтайлы, ұтымды және өзге де жетік тәсілдерді қолдану;
6) қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін ұдайы арттыру;
7) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде қызметтік бабын асыра пайдалануға, заңсыз төрешілдік және сөзбұйдаға салу, сондай-ақ дөрекілік көріністеріне жол бермеу;
8) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету;
9) әріптестерінен жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтауды талап ету және қолдау.

3.2. Өз құзыры шегінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
2) құпиялылықты сақтау, қызметтік және мемлекеттік құпияларды қамтамасыз ету;
3) кәсіби (қызметтік) әдепті сақтау;
4) басқа тұлғалардың оны сыбайлас құқық бұзушылық жасауға итермелеу жағдайлары туралы жазбаша түрде колледж басшысына, уәкілетті мемлекеттік органдарға дереу хабарлау;
5) еңбек тәртібін бұлжытпай сақтау, берілген өкілеттіктерді тиімді қолдану, өзінің лауазымдық міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқару, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалану;
6) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жеке және заңды тұлғаларға артықшылықтар көрсетпеу, олардың ықпалынан тәуелсіз болу;
7) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де тұлғалардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік бабын пайдаланбау;
8) үшінші тұлғалардың мүдделерін білдіруден немесе қолдаудан, сондай-ақ олардың атынан іс-қимылдар жасаудан аулақ болу;
9) басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуды жүзеге асырмау;
10) әріптестері мен басшыларға өзара қарым-қатынастың белгіленген тәртібін бұзатын (олардың бейтарап қызметтік шешім қабылдауына ықпал ететін) өтінімдер жасаудан аулақ болу.

3.3. Қызмет саласының ерекшелігіне қарай туындайтын өзге де қарым-қатынастар кезінде:
1) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету, олардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау, олар бойынша қажетті шаралар алу;
2) бағынысты қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, қадір-қасиетін қорлау, әдепсіздік, орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеу;
3) басшылардың тапсырмаларын орындау кезінде тек объективті және шынайы мәліметтерді ұсыну;
4) мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, меншікті ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалану;
5) ұжымда іскерлік өзара қарым-қатынасты және сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал ету;
6) өзіне мәлім болған сыбайлас құқық бұзушылықтар туралы колледж басшысына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға дереу хабарлау.

4. Өзге де шектеулер мен тыйымдар:
1) Конституцияны және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнама талаптарын сақтау;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтау;
3) Колледж басшысының лауазымдық өкілеттіктері шегінде шығарған бұйрықтарын орындау;
4) әріптестерге, басшыларға және өзге де лауазымды тұлғаларға сыйлықтар тарту етпеу;
5) қызметтік өкілеттіктерін орындауға байланысты сыйлықтарды қабылдамау;
6) басқа тұлғаларды сыбайлас құқық бұзушылық жасауға итермелемеу;
7) таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу мақсатында пайдаланбау.

Всего комментариев: 0