Абай мұрасы-халық қазынасы

Халқымыз  Абайдың рухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі.

Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қалың елін қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді.Ұлы Абайдың шығармашылығы бүгінгі заман талабына сай қайта түлеп, жыл өткен сайын жаңғырып ұрпақ тәрбиесінде өзіндік үлес қосып келеді.
      Бүгін халқымыздың маңдайына біткен данагөй данышпаны, ойшылы, ұлы  ақыны,   шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойына орай оның шығармашылығына арналған  “ Абай мұрасы-халық қазынасы ” атты практикалық конференция өткізілді. Конференцияда колледж студенттері қазақ , орыс, ағылшын тілінде Абай шығармашылығы туралы баяндамалар жасап, оның  өмір жолы, лирикалары, философиясы жайында ой қозғады.


Жарияланды: 25.09.201910:29

Автор: