«Аңыздың ақыры»

Республикалық «Бір ел- бір кітап» акциясы , биылғы жылы қазақстандық оқырманға, елімізге танымал екі тұлғаның шығармалары ұсынылып отыр. Олар: Қазақстан жазушысы, мемлекеттік және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы.

Сонымен қатар Ақын, драматург, әдебиет зерттеуші ғалым. Филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының халық жазушысы Әбділдә Тәжібаевтың лирикалық өлеңдері ұсынылды.Орал «Сервис» технологиялық колледж кітапханасында, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, сарабдал саясаткер, қарымды да толымды Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Проза жанрының мәңгілік мұнарасы»  әдеби кеш оздырылды.Шараға 17 және 12 топ студенттері қатысты. Сұлтан Оразалиннің “Жазушы Әбіш Кекілбайұлы” фильмінен Әбіштің өмір жолынан үзінділер көрсетіліп,шығармаларымен таныстырылды. Әбіш Кекілбайұлының “Біздің бала шағымыз”,“Анама” ,

“Әке” поэмасынан үзінді мәнерлеп оқылып, “Аңызға айналған абыздар”атты кітап көрмесіне кітапханалық шолу жасақталды.

                   Жауапты:                         А.Е.Ильясова


Жарияланды: 25.09.201910:23

Автор: