2019 жылы 1 қыркүйек күні «Орал»Сервис технологиялық колледжінде 1 қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты шара өткізілді.
Шараға колледждің педагогикалық ұжымы мен күндізгі оқу бөлімінің 1-3 курс студенттері түгелдей атсалысты.
Мерекелік шара қонағы Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының кәсіптік және техникалық білім беру бөлімінің бастығы Қуаншалиева Р.Т колледж ұжымы мен білім алушыларына өзінің жүрекжарды лебізін білдіріп,2018-2019 оқу жылында атқарған қызметі мен шығармашылық жетістіктері үшін колледж оқытушылары мен оқу өндірістік шеберлеріне Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының дипломдарын табыс етті.
Колледж директоры А.Б.Искалиева бүгінгі мерекемен құттықтау барысында қалалық,облыстық,республикалық деңгейдегі байқауларда жеңімпаз атанған өндірістік оқыту шеберлері мен күндізгі оқу бөлімінің 2-3 курс оқушыларын марапаттады.
Директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Д.С Жиеналиеваға 2018-2019 оқу жылында өткізілген аймақтық «Wordskills Kazakstan-2019»чемпионатының ұйымдастыруына белсенді қатысқаны үшін грамота, ал жеңімпаздары Тагибергенова Г.Р., Кенжалиева У.И., Құспан А.Б.,Алимешова А.М.,Галиева К.К.,Егорова О.Г., Сираева Р.Д.мақтау қағаздарымен марапатталды.
Салтанатты шарадан кейін 1 курс студенттеріне «Саналы ұрпақ–жарқын болашақ» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.Тәрбие сағатында бейнероликтер көрсетіліп,тақырыпқа сай дәріс оқылды. 1 курс студенттері үлкен қызығушылықпен қатысты.