03.02.2015ж Cүтті қайта өндеу кәсіпорындарынан 2015 жылға өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды

БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен бекітілген «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын» (сары май өндірісі) бағдарламасы бойынша сүтті қайта өндеу кәсіпорындарынан 2015 жылға өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды.

Өтінімдер көрсетілген мекен-жайға жолдансын:  БҚО Орал қ., Қ.Аманжолов көш., 75. Байланысты телефондары 8(7112) 51-18-20. Өтінімдерді қабылдау тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін жүзеге асырылады.

 


Жарияланды: 03.05.201513:33

Автор: